Астанада полиция қызметкерлері бөтеннің көлігін айдап әкеткен адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Шағымданушының айтуынша, мереке күндері ол жаңа жылдық сыйлықтарды жеткізіп жүрген. Клиенттердің үйіне бірнеше минутқа кіріп шыққан ер адам автокөлікті қосулы күйінде қалдырып отырған.
"Келесі бір жеткізілімнен кейін подъезден шыққанда ол өзінің Nissan Cefiro көлігінің жоғалып кеткенін байқаған. Осыдан кейін ер адам дереу полицияға хабарласқан. Тексеру барысында анықталғандай, ер адам мас күйінде қосулы тұрған автокөлікті көріп, еш кедергісіз айдап кеткен", - делінген хабарламада.
Патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде оны тез арада ұстаған. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!