- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада ер адам...
Астанада ер адам зейнеткердің сөмкесін көтеруге көмектесіп, кейін ақшасын ұрлап кетті
Астанадағы үйдің кіреберісінде зейнеткерді тонап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
75 жастағы зейнеткер полицияға Жұмабаев көшесіндегі үйінің кіреберісінде бейтаныс кісі сөмкесінен 140 мың теңгесін ұрлап кеткенін айтып, арызданған.
Зейнеткердің айтуынша, ол күндіз банкоматтан зейнетақысын алған. Азық-түлік сатып алу үшін дүкенге кіріп, содан кейін үйіне қайтқан. Ол кіреберіске кіргенде баспалдақтан 4-қабаттағы пәтеріне дейін пакеттер мен сөмкесін апаруға көмектесуді ұсынған ер кісіні көрген. Зейнеткер күдіктенбестен, сөмкелерін бейтаныс адамға ұстатып, өзі соңынан көтерілген.
Ер кісі 4-қабатқа тез көтеріліп, зейнеткерді пәтердің алдында күтіп тұрған. Күдікті оған сөмкелерді беріп, кетуге тез асыққан. Зейнеткер бір-екі сағаттан кейін сөмкесінен ақшаның жоқ екенін аңғарған.
Алматы ауданы ПБ-ның қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 38 жастағы күдіктіні анықтады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан