Астанада ер адам сүйіктісінің зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елорда тұрғыны полицияға, жігіті өз еркімен оның зергерлік бұымдарын ұрлағаны туралы арызбен жүгінген.
Жәбірленушінің айтуынша, сүйіктісімен бірге қонақ үйде болған кезде, жас қыз бөлмеде алтын сақинасы мен сырғасын ұмытып кеткен. Жоғалғанын байқаған қыз, ер жігітке заттарды алып кетуін сұраған.
Алайда бұйымдарды алғаннан кейін, ер азамат оларды жоғалтып алғанын мәлімдеген.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, "Сарыарқа" ауданы ПБ қызметкерлері 35 жастағы ер адамды анықтаған. Ол, бұйымдарды алғаннан кейін ломбардқа өткізіп, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады.
Астана қаласының Полиция департаменті азамттарды мұқият болуларын ескертеді. Құнды заттарыңызды қауіпсіз жерде сақтап, тек сенімді адамдарға сеніңіздер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!