Астанада ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"102" арнасына 26 жастағы ер адамнан кешкі уақытта Сарайшық көшесінде белгісіз біреулер оны ұрып-соғып, Redmi ұялы телефонын тартып алғаны туралы хабарлама түскен.
"Шабуыл жасау сәті камераға түсіп қалған. Криминалдық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар үш адамды анықтады. Олар 18, 20 және 21 жастағы жігіттер болып шықты, олардың бірі бұрын сотты болған. Қасүнемдер қазір қамауда", - делінген хабарламада.
Ұялы телефон тәркіленген, қаскүнемдер оны кепілге қалдырып, сатып жіберген. Дерекке қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп, олардың елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!