Астаналық полицейлер кеше, 14 мамырда шағынмаркеттен энергетикалық сусынды ұрлап кеткен қала тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдікті өзін тоқтатуға әрекет жасаған күзетшіні қағып, пышақпен қорқытып, ізін суытқан.
Сарыарқа аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері дереу күдіктінің ізіне түсіп, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 27 жастағы ер адамды ұстаған.
"Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!