- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада ер адам...
Астанада ер адам сауда үйінен 17 жұп аяқ киім ұрлаған
Астанада полицейлер сауда үйінен 17 жұп аяқ киім ұрлаған күдіктіні тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел іздестіру шаралары барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы ер адамды анықтады. Бұған дейін полицейлерге сауда орталығының өкілі хабарласып, бутиктен белгісіз біреу 17 жұп аяқ киімді ұрлап кеткенін айтқан.
Тергеу барысында күдікті сауда алаңына кіріп, клиент секілді тауарды тексере бастағаны анықталды. Ол сатушының алаңдағанын пайдаланып, қораптан бірнеше жұп аяқ киімді алып сөмкесіне салып, ештеңені елеместен бутиктен шығып, ізін суытқан. Бір күннен кейін ұры дүкенге қайта оралып, бутиктегі қарбалас сәтті күтіп, ұқсас схема бойынша аяқ киім ұрлап кеткен.
"Келтірілген шығынның жалпы сомасы - шамамен 290 мың теңге. Ер адамның ұрланған аяқ киімді арзан бағаға сатып жүргені анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова