Астанада вандализм дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абылай хан көшесіндегі тұрғын үйдің маңында орналасқан полиция бекетінің терезесін сындырған 51 жастағы адам ұсталған. Тексеріс барысында ол терезені әдейі сындырғаны белгілі болды.
"Ер адам қамауға алынды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды", - деді ІІМ өкілі.
Айта кетейік, жыл басынан бері елордада вандализм дерегі бойынша 230-ға жуық құқықбұзушылық анықталған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова