Астанада ер адам ойыншық тапаншамен ақша айырбастау пунктін тонамақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Қарақшы ұсталған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, шабуыл жасаған адам "ізін суытпай" анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
"Күдікті өзінің қылмыстық жоспарын орындай алмады, өйткен кассир дабыл түймесін басқан, мұны естіген қарақшы із суытып үлгерген", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, полиция күдікті ер адамнан ойыншық тапанша тәркіленгенін хабарлады.
Қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!