Астанада ер адам лифтінің жанында дәрет сындырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде тұрғын үй кешендері бірінің кіреберісінде ер адам дәрет сындырған видео тараған еді.
Видеодағы ер адамды анықтау мақсатында Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізіп, нәтижесінде қаланың 33 жастағы тұрғынын анықтаған.
Тәртіп сақшылары бұзақыға қатысты ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғап, ол әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнына орналастырылды.
"Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті бұзғаны және бөтен мүлікке нұқсан келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді. Сонымен қатар, осындай деректер анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін "102" арнасына жүгінуге кеңес береді", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!