Астанада ер адам лифтіде әйелге пышақпен шабуыл жасады

Астанада ер адам лифт ішінде әйелге пышақпен шабуыл жасады. Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Полиция департаментінің өкілдері мұндай оқиғаның болғанын растады.

"Қорқыту бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция қызметкерлері оны ұстады", - деп хабарлады полиция департаменті өкілдері. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!