Астанада ер адам курьердің велосипедін ұрлап кеткен

Астанада ер адам курьердің велосипедін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Курьер кезекші тапсырып алу үшін мекемеге кірген кезде кіреберісте велосипедін қараусыз, қауіпсіздік құралдарымен бекітпей қалдырып кеткен. Ол мекеме ішінде болғанда күдікті ол сәтті пайдаланып, велосипедті ұрлап кеткен. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, Алматы аудандық ПБ қызметкерлері камералардың көмегімен күдіктіні анықтады. Ұры велосипедті кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға 12 мың теңгеге сатқан. Ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. 

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның, бұрын елорда аумағында болған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!