Астанада ер адам қоғамдық орында дабыл тапаншасынан оқ атқан

Астанада ер адам қоғамдық орында дабыл тапаншасынан оқ атқан
Фото: ІІМ

Астанада қоғамдық орында дабыл тапаншасынан оқ атқан ер адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері көлік салонында отырып, дабыл тапаншасынан ауаға екі рет оқ атқан 29 жастағы ер адамды ұстады.

Тексеріс барысында ол бұл әрекетті жасаған кезде алкогольге масаң күйде болғаны анықталған.

"Тұрғынға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін оған әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Ал қаруды заңсыз сақтау және алып жүру дерегі бойынша жиналған әкімшілік материал соттың қарауына жолданды", - деді полиция.

Сонымен қатар, сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget