- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада ер адам...
Астанада ер адам кеңседен қызметтік ноутбукті ұрлап әкеткен
Астанада ер адам кеңседен қызметтік ноутбукті ұрлап әкеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Есіл" ауданы Полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 48 жастағы ер адамды анықтады.
Тергеу барысында белгілі болғандай ер адам кешкі уақытта қаланың сол жақ жағалауындағы бизнес орталықтардың біріне келген. Қаскүнем жұмыс уақыты аяқталғанға дейін белгілі бір жерде жасырынып, кеңсе қызметкенлерінің барлығы үйіне кетіп қалған сәтті күтіп, кеңседен Asus маркалы қызметтік ноутбукті жасырын ұрлап әкеткен. Келтірілген материалдық шығын 321 мың теңге көлемінде бағалануда.
Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ер адам өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті кәсіпкерлерге қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға және үй-жайларда ұрлықтан қорғау шараларының кешенін енгізуге кеңес береді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина