Астанада ер адам жедел жәрдем көлігінің алдыңғы әйнегін сындырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түн ортасында полицияға жедел жәрдем жүргізушісінен Бейбітшілік көшесінде белгісіз ер адам қызметтік көліктің алдыңғы әйнегін зақымдағаны жөнінде хабарлама түскен.
"44 жастағы ер адам масаң күйде көшеде жүріп, қарсы келе жатқан жедел жәрдем көлігіне барсеткасын лақтырып жіберген. Соққы салдарынан көліктің алдыңғы әйнегі сынған. Полицейлер ер адамға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!