Астанада ер адам имамды пышақтап тастады. Оқиға 14 наурызда қаладағы Алматы ауданында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпараттарды жоққа шығарды және тергеуге байланысты жария етілмейтінін айтты.
"Бұл факті бойынша Астана полиция департаменті "Сарыарқа" ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қажетті барлық сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", - делінген полиция таратқан хабарламада.
Оқиғаға қатысы бар адам қылмыс орнында ұсталды. Ол полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!