Астанада ер адам дүкеннен ойыншықтарды жалған түбіртек жасап сатып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елордада сатушы "Алматы" аудандық полиция бөліміне арызданған. Оның айтуынша, белгісіз бір азамат кешкі 20.00-де ойыншық сататын дүкенге келіп, екі машина мен бір қуыршақ таңдаған. Кассаға келген кезде сатушы алған ойыншықтардың құны 40 мың теңге тұратындығын айтады. Ол қосымша арқылы ақшаны төлегендігі туралы чек көрсетеді. Кейін клиенттің ақшаны төлемегендігіне көз жеткізеді. Осылайша полицияға хабарласқан.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында "Алматы" ауданы криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері 30-жастағы қала тұрғынын анықтады.
Ұсталған ер адамға қатысты қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Ол осы жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Полицейлер жеке кәсіпкерлерді түбіртекті қолдан жасау туралы алаяқтыққа абай болуын сұрайды. Олар жалған төлем түбіртектерін көрсетіп, сатушыларды жиі алдайтынын ескертеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз