- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада ер адам...
Астанада ер адам дәмханадағы 2 миллион теңгенің мүлкін қолды қылды
Полицияға Астанадағы отбасылық дәмханалардың бірінің иесі ұрлық фактісі бойынша арызбен жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында дәмхана ғимараты қараусыз қалғаны анықталды, бұл қаскүнемнің назарын аударған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды ұстады. Ол терезені бұзу арқылы үй-жайға кіріп, сол жерден жалпы құны 2 миллион теңгеге теледидар, кабель және 100-ге жуық радиаторды алып кеткен. Ол ұрланған мүлікті металл қабылдау пунктіне өткізген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаскүнем Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан