Астанада ер адам бұрын бірге тұрған әйелді өртеп жіберемін деп қорқытқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға қызғаныш салдарынан болған.
"Ер адам бұрын бірге тұрған әйелінің жұмыс орнына жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкемен келген. Ол әйелмен қарым-қатынасын қалпына келтіру мақсатында жәбірленушіні өртеп жіберемін деп қорқытқан. Кейін оның үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өміріне қауіп төндірген", - деп жазылған хабарламада.
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушының кінәсін дәлелдеді.
Сот үкімімен ер адамға 60 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалып, жәбірленушіге жақындауға тыйым салынған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!