- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада ер адам...
Астанада ер адам әйелін ұрып-соғып, өзі 10-қабаттан секіріп кетті
Фото:
depositphotos.com
Астанада ер адам әйелін ұрып-соғып, денесіне зақым келтіріп, кейін оныншы қабаттан секіріп кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 1 қазан күні сағат 23:36-да болған. Ерлі-зайыптының арасында жанжал шыққан.
"Полицияға ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Ерлі-зайыптының арасында жанжал болғаны, ер адам әйелдің денесін жарақаттап, кейін тұрғын үйдің 10-қабатынан секіргені анықталды. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады ведомство.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан