City Transportation Systems (CTS) баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 мамырда № 21 бағдарда Ailand отбасылық демалыс орталығы аялдамасында орынсыз жайт болды. Жолаушылардың бірі CTS КБД қызметкеріне жол ақысын төлегенін көрсетуден бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Салондағы басқа жолаушылар ер адамға ескерту жасай бастады. Жолаушылардың бірінің жеке ескертуіне ол газ шашады.
Полиция департаментінің қызметкерлері ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, 73 840 теңгеге айыппұл салды.
"Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын уақтылы төлеуді, төлемді тексеруге көрсетуді, сондай-ақ басқа жолаушыларды құрметтеуді сұраймыз", - делінген CTS хабарламасында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз