Астанада ер адам Атырау көпіріне көлікпен шығып кеткен

Астанада ер адам Атырау көпіріне көлікпен шығып кеткен
Фото: depositphotos.com

Астанада Атырау көпіріне көлікпен шығып кеткен жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1 қыркүйекте Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі Атырау көпіріне шығып кетіп, ережені өрескел бұзған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 🚘 (@astana__sergek)

Полицияның мәліметінше, ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 437-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әкімшілік соттың шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынған.

"Мұндай әрекеттер қауіпсіздікке қатер төндіріп, қоғамдық тәртіпті бұзады. Елордада бұзақылық пен вандализмнің кез келген түрінің алдын алу жұмысы жалғасып жатыр", - деді полиция өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget