Астанада ер адам әпкесін туған күнімен құттықтаймын деп 5 тәулікке қамалды

Астанада түнде отшашу ұйымдастырған ер адам 5 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ойын-сауық орындарының бірінің маңындағы автотұрақта пиротехникалық бұйымды іске қосқан ер адам анықталды. Тексеріс барысында 34 жастағы тұрғын әпкесін туған күнімен құттықтау мақсатында отшашу ұйымдастырғаны белгілі болды.

Алайда бұл әрекет түнгі уақытта азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіп бұзылуына әкеп соққан.

"Сот қаулысымен құқық бұзған адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деді полиция.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!