Елордада Энрике Иглесиастің концерті кезінде "Астана Арена" маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
3 қыркүйекте сағат 20:00-де әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиастің концерті өтеді. Іс-шараға байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Астана Арена" стадионы маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
"Шектеу "Алау" мұз сарайы (Марко Поло көшесі) және "Сарыарқа" велотрегі жағынан (Месроп Маштоц көшесі) енгізіледі. Концерт қонақтарына қолайлы жағдай жасау және көлік қозғалысына түсетін салмақты азайту үшін арнайы шаттл автобустар ұйымдастырылады", - деді әкімдік өкілдері.
Сағат 16:00-ден бастап олар қаланың төрт тұрақ орнынан "Астана Арена" стадионына қарай қатынай бастайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!