ЭКСПО көрмесі аумағында еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу салтанатты шарасы өтті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.Атап айтқанда, бұл дәстүрлі шара жыл сайын өткізіледі. Биылғы жылы құрылған еліміздің бас шыршасы Нұр Әлемнің жанында орналасты. Жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағу рәсіміне Астана әкімі Әсет Исекешев қатысты. Шара барысында мерекелік бағдарламадан басқа, ЭКСПО көрмесі аумағына жиналған жұртшылық отшашуды тамашалады. Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталинаның сөзіне қарағанда,бас шырша орналасатын жерді таңдау символдық мәнге ие болып отыр. Бұл дәстүрлі шара болғандықтан, біз жыл сайын еліміздің бас шыршасының шамдарын салтанатты түрде жағамыз. Шыршаның осы жерде орнатылуы кездейсоқ емес әрі символдық мәнге ие. Себебі жақында ған осы аумақта ЭКСПО көрмесі өтті. Өздеріңіз байқағандай, бұл алаң ел тұрғындары үшін маңызды болып отыр, сондықтан елміздің бас шыршасының шамдарын ЭКСПО аумағында жағу шешімі жасалды, -деп атап өтті ол. Аталған басқарманың мәліметіне қарағанда, еліміздің басты Жаңа жылдық шыршасы 200 мың жарқылдаған шаммен және 6000 шармен безендірілді, бұдан басқа жарқылдаған ілмектер мен әдемі жылтырақтар, қар бүршіктері ілінді. Шыршаның биіктігі - 25 метр. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан ең ірі мұз қалашығы ашылды. Дереккөз:inform.kz