Астанада "Бірлік Керуені" салтанатты іс-шараның өтуіне байланысты 6 қыркүйекте ЭКСПО аумағындағы жол уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
6 қыркүйек күні сағат 17:00-де ЭКСПО аумағында (сағат 16.00-ден бастап диджей ойнайды, сондай-ақ қатысушылар үшін викториналар өткізіледі) іс-шара ресми түрде басталады.
Сондықтан "Бірлік Керуені" өткізілуіне байланысты сағат 13:00-ден 21:00-ге дейін Түркістан және Ақмешіт көшелеріндегі ЭКСПО маңындағы жолдардың бір бөлігін уақытша жабу жоспарланып отыр.
Астанада X Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 6 қыркүйек күні театрландырылған қойылыммен "Бірлік Керуені" салтанатты іс-шарасы өтеді.
"Бірлік Керуені" - Қазақстанның 20 өңірінен республиканың барлық тұрғындарын біріктіретін және еліміздің бірлігі мен мәдени әралуандығы символына айналатын X Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бөлігі болып саналатын маңызды мәдени оқиға.
"Бірлік Керуені" іс-шарасы өткізілетін күні өңірлердің өкілдері басқаратын керуен - бұл спортшылар, қоғам қайраткерлері, түрлі облыстардан келген өңірлердің батырлары Астанаға Қазақстанның қасиетті көздерінен су жеткізеді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын су - Астанадағы тайқазанда ойындардың ашылу күні қосылып, бірліктің басты символына айналады.
Көшпенділер ойынына көкпар тартуға америкалық ковбойлар келді
Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының өтуіне 2 күн қалды. Ойындар 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді. 85 елден келетін 20 мыңнан аса қатысушы 21 спорт түрінен жарысады.
Ойындар үш бөлімге негізделген: спорт, мәдениет және ғылым. Қатысушы елдердің делегациялары спортшылардан, сондай-ақ мәдениет және ғылым өкілдерінен құралады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз