- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада экс-министр әйелін...
Астанада экс-министр әйелін өлтірді деген күдікке ілінді: оқиға орнынан сурет-видеолар
Астанада бірнеше сағат бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Бұл туралы Telegram-арналардың бірінде жарияланды. Кейінірек полиция экс-шенеуніктің атын атамаса да жантүршігерлік қылмыс болғанын растады. Massaget.kz тілшісі оқиға орнына барды.
Қылмыс болған жер - елордадағы Bau атты мейрамхана. Ашық дереккөз мәліметтерінде, бұл экс-шенеунік пен марқұмға тиесілі екені айтылады. Ал дәрігерлер оқиға орнында қаза тапқан әйел 31 жаста болғанын мәлімдеді.
Қазір оқиға орнында полицейлердің көліктері тұр.
Астана Полиция департаменті мен Есіл ауданы полиция басқармасының жедел тергеу топтары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Мейрамхана дәл қазір жұмыс істеп тұрған жоқ.
Оқиға орнына журналистерді кіргізбеген.
Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды.
Мейрамханаға кіретін лифтті тәртіп сақшылары күзетіп тұр.
Мейрамхана 22:49-да жабылды.
Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев 2018 жылғы наурызда 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алу және ақша жымқыру істерінде айыпты деп танылған еді.
Бишімбаевтың сот ісі төрт айдан аса уақытқа созылды. Онымен бірге бұл істе 22 адам сотқа тартылған еді. Олар "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ экс-қызметкерлері, кәсіпкерлер және құрылыс компанияларының өкілдері болды.
Кейін экс-шенеунік 10 жылға сотталса да, тура 19 ай өткенде бостандыққа шықты.
Аяз Есен, Жансая Қадыржанова
Сурет, видео: Massaget.kz
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова