Астанада екпіні күшті желден Air Astana ұшағына зақым келді

Астанада екпіні күшті желден Air Astana ұшағына зақым келді
Фото: Tengrinews.kz

Астана әуежайында Air Astana ұшағына зақым келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"8 тамызда Астана-Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсін орындауға жоспарланған ұшақ қатты жел кезінде елордалық әуежайда контейнердің соққысынан зақымданған", - деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.

Ұшақты ауыстыруға байланысты рейс әзірше екі сағатқа кешіктірілді.

Фото: Air Astana

Еске салайық, бұған дейін Астанада бұршақ аралас жаңбыр жауып, салдарынан екі адамның зардап шеккенін хабарлаған едік.

Бүгін кешке қалада бұршақ жауып, астаналықтарды әбігерге салды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан