Астанада екпіні күшті жел оқу орнының шатырын зақымдады

Астанада екпіні күшті жел оқу орнының шатырын зақымдады
Фото: instagram.com/astana_brothers

Астанада екпіні күшті жел Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің шатырын зақымдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде шатырдың фотосы тарады.

Университеттің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

"Оқиға сағат 16:00 шамасында болды. Агрономия факультеті ғимаратының шатыры зақымданған. Қазір онда төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр", - деді университет өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA|АСТАНА|SERGEK (@astana_brothers)

Бүгін Астанада алай-дүлей дауыл соғып тұр. Екінші ауысымдағы кейбір мектеп оқушылары қашықтан оқыды. Ал коммуналдық қызметкерлер тәулік бойы көшелерді, аулаларды, алаңдарды, жолдарды қар мен көктайғақтан тазартып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан