- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әкімдік тұрғындарға үндеу жасады
Астанада екпіні күшті жел мен бұрқасын: әкімдік тұрғындарға үндеу жасады
Фото:
Tengrinews.kz
Астанада екпіні күшті жел мен бұрқасын соғып тұр. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге қозғалыс кезінде өте сақ болуды ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астананың төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 8 қарашада түнде қарлы боран болатынын хабарлайды. Түнде оңтүстік-батыс желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді", - деп ескертті құтқарушылар.
Ведомство жүргізушілерге жолда өте мұқият болуды ескертті.
Астана ТЖД азаматтарға қатты жел кезінде жарақат алмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
- балаларды ерекше бақылауға алыңыз, оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
- егер сіз қатты жел кезінде сыртта болсаңыз жақын маңдағы кіреберісте немесе дүкенді паналаңыз;
- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
- қатты желде электр желісінің астында тұрып үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
- жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.
Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан