• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар тегіс қашықтан оқитын болды

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар тегіс қашықтан оқитын болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада аязға байланысты екінші ауысымдағы барлық мектеп оқушылары қашықтан оқытуға ауысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

"Ауа райының нашарлауына байланысты 2025 жылғы 23 қаңтарда екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждің 1-2-курс студенттері (9-сынып негізінде) қашықтан оқыту форматына ауысады", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Астанада аяқ асты күн қатты суытып кетті. Офлайн сабақтар екінші күннен бері өтпей жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget