Астанада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ауа райы нашарлауына байланысты 10 қаңтарда 0-11 (12) сынып оқушылары және екінші ауысымдағы колледждердің 1-2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына көшіріледі", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Астана әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жасаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!