- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада екі оқушы...
Астанада екі оқушы сотталып кетті
Астанада екі оқушы кәмелеттік жасқа толмағанды тонағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы 14 маусымда Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелеттік жасқа толмаған М.-нің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жәбірленушінің мүлкін ашық түрде тонады деп айыпталған К. (істі қарау кезінде кәмелеттік жасқа толған) мен кәмелеттік жасқа толмаған Д. – ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 191-бабы 2-бөлігінің 1,3) тармақтары).
К., жәбірленушінің мүлкін ашық түрде тонау мақсатында, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы шектен шыға отырып, жәбірленушіге қолдарымен және аяқтарымен бірқатар соққылар берген. Қылмыстық әрекеттерін жалғастыра келе, К. және Д. жәбірленушінің мүлкін – ұялы телефонын, күміс сақинасын және жемпірін иемденіп, 500 мың теңге сомасында материалдық залал келтірді.
Прокурор айыптауды қолдап, жәбірленуші тарап К.-ге бас бостандығынан айыру, ал Д.-ға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.
Сотталушылар кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне өкініп, оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сотталушы К. келтірілген залалды өтемеген, ал сотталушы Д. ішінара өтеген.
Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәләрдің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, алу хаттамаларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
"Сот үкімімен К. және Д. ҚК-нің 19-бабы 2-бөлігінің 1,3) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот К.-нің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы белсенді рөлін және кәмелеттік жасқа толуын ескере отырып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру; Ал сотталушы Д. кәмелеттік жасқа толмағандықтан және залалды өз еркімен өтегендіктен, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. ▪ Жәбірленушінің азаматтық талап қоюы қанағаттандырылды, сотталушылардан келтірілген материалдық залал мен моральдық зиян сомасы өндірілді", - делінген Астананың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таратқан хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан