- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада екі көше...
Астанада екі көше учаскесі уақытша жабылды
Фото:
t-l.ru/көрнекі сурет
Астанада екі көшенің учаскесі уақытша жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы Е.Брусиловский және Г.Титов көшелеріндегі жолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осыған байланысты екі күн бойы – 5-6 мамыр аралығында осы көшелердің учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі.
Брусиловский көшесі бойындағы қозғалыс Кенесары көшесінен Иманов көшесіне дейін жабылады. Титова көшесі бойынша, Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан