Астанада екі көлік соқтығысты: бір адам зардап шекті

Астанада екі көшенің қиылысында Lada мен Land Rover соқтығысты. Бір жүргізуші ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға бүгін, 2 желтоқсанда таңертең Жошы хан мен Кекілбаев көшелерінің қиылысында болған.

Қалалық полиция бөлімі өкілдерінің мәліметінше, Land Rover солға бұрылғанда жол бермеген.

"Land Rover көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде жол бермей, Lada көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Lada көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - деді ведомство өкілдері.

Бұл жағдайға қатысты тексеру жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады.

Еске салайық, 1 желтоқсанда Қарағанды ​​облысындағы тасжолдың бірінде екі көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан жасөспірім зардап шеккен еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!