- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада екі жігіт...
Астанада екі жігіт өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, тонап кеткен
Астанада екі жігіт өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, тонап кеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.
102-ге 26 жастағы ер адамнан Қордай көшесінде екі белгісіз жігіт оны ұрып-соғып, тонап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Шабуыл жасалған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Видеода екі жігіттің ер адамға жақындап келіп, соққы бере бастағанын көруге болады. Тонаушылар оның қолынан сөмкені жұлып алып, қаша жөнелген. Жәбірленуші олардың артынан жүгіріп, қуып жетпек болған.
Қаскүнемдер 1400 АҚШ долларын ұрлап кеткені анықталды.
"Алматы" аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 19 және 17 жастағы күдіктілердің екеуін де ұстады.
Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, адам тонаған 19 жастағы күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімді ювенал полиция қызметкерлері бақылауға алды.
Олардың шетел валютасын теңгеге айырбастап, кейін біразын өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгергені анықталды. Қалған қаражат тәркіленді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек