- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада екі жігіт...
Астанада екі жігіт көшеде ер адамның телефонын ұрлап, қашып кеткен
Астанада екі жігіт көшеде ер адамның телефонын ұрлап, қашып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түнде қала дүкендерінің бірінің жанында екі белгісіз адам ер адамға жақындап, қоңырау шалуды сылтауратып, телефон сұраған. Ұялы телефон беруден бас тартқаннан кейін қаскүнемдер күш қолданып, Samsung маркалы телефонды тартып алып, қылмыс орнынан қашып кеткен.
Алматы ауданы полиция бөлімі қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен ізін суытпай, күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар 19 және 26 жастағы екі жігіт болып шықты.
Ер адамдар кінәларын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға, әсіресе кешкі және түнгі уақытта сақтық пен қырағылықты сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина