Астанада екі жасөспірім автокөлік пен мопедті ұрлап кеткен

Астанада екі жасөспірім автокөлік пен мопедті ұрлап кеткен
Фото: polisia.kz

Астанада екі жасөспірім түнде серуендеп жүргенде көлік құралдарын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданы полиция бөлімі қызметкерлері Mercedes автокөлігін және мопедті айдап кеткен кәмелетке толмаған екі жасөспірімді анықтады.

Олар түнде көшеде кіреберісте тұрған мопедті байқаған. Көлік құралының қараусыз тұрғанын пайдаланып, олар мопедті ұрлап әкетіп, ұлдардың бірінің үйіне жасырған.

"Кейінірек олар жеке сектор аумағында аулада тұрған Mercedes автокөлігін байқаған. Көліктің кілті салонда болған, бұл жасөспірімдерге оны оңай иемденуге мүмкіндік берген. Алайда көшеде көлік құралы істен шыққан. Көлікті тастап, жасөспірімдер мопедке оралып, әрі қарай оны жүргізуді жалғастырған", - деп хабарлады полиция.

Жедел іс-әрекеттер нәтижесінде кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды. Олар ата-аналарының қадағалауына тапсырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан