Астанада екі автобус бағыты уақытша тоқтатылды

Астанада екі автобус бағыты уақытша тоқтатылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада ауа райына байланысты екі бағыт уақытша тоқтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі City Transportation Systems-ке сілтеме жасап.

Ауа райының нашарлауына байланысты №317, 329 қала маңындағы маршруттардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Компания басқа қала маңындағы маршруттар әдеттегідей жұмыс істейтінін қосты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә
Logotype Massaget