- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шатырдың опырылуы салдарынан абайсызда екі адам қаза тапқан.
Астанада екі адамның өліміне кінәлі құрылыс компаниясының директоры сотталды
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты құрылыс компаниясының директорына қатысты үкім шығарды. Ол құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзып, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрылыс компаниясының директоры Астанадағы ғимараттың қоймасын демонтаждау жұмыстарын жүргізу барысында құрылыс жұмыстарын жүргізуге еңбек қатынастарында жоқ адамдарды тартып, учаскедегі және бригаданың Еңбек кодексінде және биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларында көзделген талаптарды сақтау қауіпсіздік жағдайын тексермеген.
Шатырдың опырылуы салдарынан абайсызда екі адам қаза тапқан.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Жәбірленушілердің өкілдері де сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
"Жасалған қылмыстың мән-жайын және оның ауырлығын, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, сондай-ақ жәбірленуші тараптың пікірін ескере отырып, сот М-ны ҚК 277-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге биіктікте құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", - деп хабарлады сот.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан