Астанада дүкеннен өрт шықты

Астанадағы дүкендердің бірінде өрт шығып, елордалық өрт сөндірушілер жалынды сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Өрттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралып кетті.

"Астана қаласының дүкендерінің бірінде кілемдер өртенді. Зардап шеккендер жоқ, жұмыстар жалғасуда", - делінген хабарламада.

Кейінірек ТЖМ баспасөз қызметі өрттің сөндірілгені туралы хабарлады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз