- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұрлық
Астанада дүкеннен күрте ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды
Астанада спорт дүкенінің бірінен күрте ұрлаған жігіт анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елордадағы спорт киімдерін сататын сауда үйлерінің бірінде ер адам күртесінің жоғалғанын анықтаған. Шығын сомасы шамамен 100 мың теңге.
Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде Нұра ауданының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 22 жастағы жігітті анықтады.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жалпы, қазіргі кезде техникалық жарақтандырылудың, күзет ұйымдарымен және бизнес объектілерінің қауіпсіздік қызметтерімен өзара тығыз іс-қимыл жасасудың арқасында, қол сұғушылықтан қорғану жүйесі бір жолға қойылған, сауда нүктелерінде қылмыс жасау әлдеқашан мәнін жойған, ұрлықтардың басым бөлігі ізін суытпай не қысқа мерзімде ашылып жатады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина