- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада дүкеннен қомақты...
Астанада дүкеннен қомақты ақша ұрлаған күдікті ұсталды
Астанада дүкеннен қомақты ақша ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Байқоңыр ауданы полиция басқармасына азық-түлік дүкенінің иесі жүгініп, ақша ұрланғаны туралы хабарлады. Әйелдің айтуынша, күндізгі уақытта тауарды түсіру кезінде ол 1 млн 390 мың теңге және құжаттары бар сөмкені дүкендегі сөреде қалдырған.
Осы уақытта сатып алушылардың бірі қолайлы сәтті пайдаланып, ақша салынған сөмкені алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер ұрлыққа қатысы бар қаланың 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, ер адам қылмысын мойындады.
Қолма-қол ақша салынған сөмке тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, шағын және орта бизнес объектілерін бейнебақылау камераларымен жабдықтауға және жұмыс орындарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина