- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада дүкенді тонағандар...
Астанада дүкенді тонағандар видеоға түсіп қалды
Полиция қызметкерлері елорда дүкендерінде жасалған бірнеше ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
33 жастағы ер адамның тұрмыстық техника дүкеніне кіріп, еш кедергісіз гаджеттер тұрған сөреден Apple Watch 8 маркалы смарт-сағатты ұрлап кеткені анықталды. Ол құрылғыны қауіпсіздік сымынан ажыратып, дабыл жүйесі іске қосылмағанын пайдаланып, елеусіз шығып кеткен. Шығын сомасы – 165 мың теңгеден асты.
Ер адам тағы бір басқа дүкеннен, сымсыз құлаққапты ұрлап кеткен. Оны рюкзакқа салып, еш кедергісіз шығып кеткен. Бұл жолы материалдық шығын шамамен – 60 мың теңге.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ұрланған заттардың ломбардқа тапсырылғанын анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Астана қаласының полиция департаменті дүкен иелерін ұрлықтың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады. Қымбат тауарлар тұрған сөрелердегі күзет, бейнебақылау және дабыл жүйелерінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізуі маңызды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина