Астанада дүкен өртенді. Зардап шеккендер бар ма?

Астанада дүкен өртенді. Зардап шеккендер бар ма?
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы дүкендердің бірінде өрт шығып, дүкен жұмысшысы ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дүкен қызметкерінің қазіргі жағдайы туралы айтылмады. 

"Оқиға салдарынан дүкен қызметкері ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары газ баллонын өрттен қауіпсіз аймаққа жеткізді. Мәліметтерге сәйкес өрт 60 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте тұрғын үй өртеніп, құтқарушылар екі газ баллонын шығарғанын жазған едік. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Литпин