Астанада “Дипломат“ қонақүйінің жанында орналасқан мейрамхана өртенді

Өртке оранған ғимараттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларда өрттен шыққан түтін қонақүй ғимаратын орап алғанын көруге болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің тілшімізге берген мәліметінше,  мейрамханалардың бірінде өрт болған.

"7 қазан күні астаналық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Д. Қонаев көшесі, 29 мекенжайына шақырту бойынша барды. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін төрт минут ішінде мейрамханалардың бірінде желдету жүйесінде май қалдықтарының жануы болғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 1,5 шаршы метр аумақта сөндірілді", - деп хабарлады ТЖД. Департамент өкілдері зардап шеккендердің жоқ екенін айтты.

Еске салсақ, 28 қыркүйекте Астанадағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, алты қызметкер зардап шекті. 

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!