Астанада кәсіпкерді алдаған даяшыға қатысты соталды тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанадағы рестобардың 32 жастағы даяшысы алаяқтық жолмен 440 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп алған. Ол келушілерге қызмет көрсету кезінде өзінің жеке мобильді банкинг арқылы төлем алғаны анықталды.
Полицияға хабар берген әкімшілік қызметкері алаяқты байқамайынша, даяшы бір ай бойы клиенттердің ақшасын жымқырып келген.
Қазіргі уақытта рестобар қызметкеріне қатысты "алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!