Астана тұрғыны баланы дамыту орталығында ұлына тәрбиешілер тарапынан қатыгездік жасалғанын айтқан. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 17 қаңтарда полицияға елорда тұрғыны "Балам-Ай" баланы дамыту орталығындағы кәмелетке толмаған ұлына қатыгездікпен қаралғанын айтқан.
"Алматы" аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған. Ал олардың нәтижелері бойынша кінәлі адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!