Астанада Chia Tai Pharmaceutical қаржы пирамидасының басшысы сотталды

Астанада Chia Tai Pharmaceutical қаржы пирамидасының басшысы сотталды
Фото: Тengrinews.kz

Астанада қаржы пирамидасының басшысы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесіне аса ірі мөлшерде қаражат тарта отырып басшылық жасағаны үшін (ҚК 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармақшасы) Ш.-ға қатысты үкім шығарды.

Айыптаудың мәні

Ш. Астана қаласының аумағында Chia Tai Pharmaceutical қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарып, 2022-2023 жылдар аралығында Қытайға фармацевтикалық препараттары бар медициналық құрылғыларды өндірумен және экспорттаумен айналысатын фармацевтикалық зауыттың қызметіне бағытталған заңды инвестициялау түріндегі салымшылардың қаражатын заңсыз тартуды, қосымша зауыттар салуды және биологиялық тұрғыдан белсенді қоспаларды жетілдіруді жүзеге асырды.

Бұл ретте қаражатты басқа адамдардың жарналары есебінен байыта отырып, қайта бөлу орын алған.

Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде, Ш. 12 жәбірленушіге 29 278 762 теңге сомасында материалдық шығын келтірген. Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтарымен, маманның қорытындыларымен дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 7 жәбірленуші бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза, ал қалған 5 жәбірленуші жаза тағайындауды соттың қарауына қалдыруды сұрады. Адвокат пен сотталушы бас бостандығынан айыруға байланысты емес үкім шығаруды сұрады.

Сот үкімі

ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармақшасының санкциясымен мүлкі тәркіленіп, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сотталушының шын жүректен өкінуі, қылмыстық жауаптылыққа бірінші рет тартылуы жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.

Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. 

Сот жәбірленушілерге қылмыспен келтірілген материалдық зиянды өтемеуді, сондай-ақ жеңілдететін мән-жайларды және ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2-тармағын ескере отырып, ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармақшасы бойынша Ш.-ны кінәлі деп танып, оған азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина