Астанада бұршақтан зардап шеккендер өтемақыны қалай алады?

Астанадағы Үркер тұрғын үй алабында бұршақтан зардап шеккендерге төлем алу үшін құжаттарды қабылдау басталады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

26 және 27 қыркүйекте Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары тамыз айында үйлері бұршақтан зардап шеккен Үркер тұрғын үй алабы тұрғындарының құжаттарын қабылдауды бастайды.

Біржолғы өтемақы алу үшін зардап шеккен тұрғын үйдің болуын растайтын Ф-6 анықтамасын ұсыну қажет және үй отбасындағы жалғыз жылжымайтын мүлік объектісі болуы керек.

Құжаттарды жинағаннан кейін мамандар зақымдануды растау үшін зардап шеккен үйлерді тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша төлемдерді беру туралы шешім қабылданады.

Құжаттарды қабылдау 26 және 27 қыркүйекте сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін ДШСК ғимаратында (213 к., 3-үй) жүзеге асырылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!