Астанада бұршақ аралас жаңбыр жауып, салдарынан екі адамның зардап шеккені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін кешкі сағат 19.42-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты (ірі бұршақтың жаууынан) 52 жастағы әйел мен 6 жасар жедел жәрдем қызметін шақырды", - деп жазылған қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бүгін кешке қалада бұршақ жауып, астаналықтарды әбігерге салды. Бұл фотодан бұршақтың ірі болғанын көруге болады.
Сондай-ақ бұршақ салдарынан кейбір көлікке зақым келіп, кейбірінің терезесі сынған.
Сонымен қатар Family Town тұрғын кешенінде паркингті су басқан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!